Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармақшасына және 113-5-бабына сәйкес Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылдың 14 маусым күні Ақсуат ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
Ақсуат сайлау округі бойынша:
1.Адильханов Кайрат Алтайевич, 1978 жылы туған, «Адильханов К.А.» жеке кәсіпкер, басшы, Теректі ауданы, Пойма ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық филиалы ұсынды;
2.Кубашев Меркин Тулешович, 1966 жылы туған, «Покатиловка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Теректі ауданы, Покатиловка ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
3.Нуменов Саясат Максутович, 1986 жылы туған, «Ақсоғым ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Теректі ауданы, Ақсоғым ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы