Теректі ауданының 2023 жылғы қаңтар-тамыз айына
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Аудан әкімі Мұханбетжанова Әлия Биғазықызы, 2023 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс істейді.
Аудан 1933 жылы құрылды, аумағы – 8,0 мың шаршы шақырым.
2023 жылғы 1 тамызына жағдай бойынша халық саны 39,109 мың адамды құрады.
Ауданда 15 ауылдық округ, 49 ауылдық елді мекен бар.
Теректі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының
негізгі көрсеткіштері
|
Көрсеткіштер |
2020 ж. |
2021 ж. |
2022 ж. |
2023 ж. қаңтар-тамыз |
2023 ж. қаңтар-тамыз пайызбен 2022 ж. қаңтар-тамыз |
|
Өнеркәсіп өнімінің көлемі, млн. теңге |
4709,3 |
5795,4 |
6995,5 |
4 083,2 |
92,3 |
|
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі, млн. теңге |
21286,2 |
24117 |
31096 |
16 717,7 |
92,7 |
|
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі, млн. теңге |
11117,9 |
9123,6 |
11569,8 |
11 170,8 |
253,7 |
|
Орташа айлық еңбекақы, теңге |
133850 |
159019 |
195 400* |
222 880* |
109,9* |
*- 2023 жылғы қаңтар - маусымына
Теректі ауданының 2023 жылғы қаңтар-тамыз айына
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4 083,2 млн. теңге құрады, ол нақты көлемінің индексі (бұдан былай (НКИ) бойынша 2022 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 7,7% аз (НКИ – 92,3 %).
4 237,9 тонна ет өндірілді немесе 2022 жылдың қаңтар-тамыз деңгейіне 100,8 %, сүт – 24 528,1 тонна (100,0%), жұмыртқа – 4 486,5 мың дана (100,3%).
Тұрғын үй салуға инвестиция көлемі 1 377,6 млн. теңге құрады(2022 ж.-1 523,5 млн.т.), немесе 12,5% азайды, 6 384 ш.м., тұрғын үй енгізілді (2022 ж.- 10 550 ш.м.), бұл 2022 жылдың қаңтар-тамыз айының деңгейіне 60,5% құрады.
Тауар айналымы
Бөлшек сауда көлемі – 2 690,5 млн.теңге құрады. 2022 жылғы қаңтар-тамыз айымен салыстырғанда бөлшек сауда көлемі 214,0% құрады.
2023 жылғы 1 қыркүйек жағдайына ауданда 137 қызметкер санымен шағын цех тіркелді және 3 жұмыс істейді. Шағын цехтардың ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өндірісінің көлемі 2244,7 млн. теңге құрады, бұл 2022 жылдың қаңтар-тамыз кезеңінен 423,5 % құрады.
Қаржы
2023 жылғы 1 қыркүйекке мемлекеттік бюджетке 3 860,9 млн. теңге жиналды, соның ішінде жергілікті бюджетке – 2 943,4 млн. теңге. (болжамға 190,2 %, 2022 жылдың қаңтар-тамыз деңгейіне –206,7%).
Еңбек рыногы
Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 3,7% құрады, бұл 2022 жылдың тиісті кезең деңгейінен 0,9 пайыздық пунктке төмен.
2023 жылғы 1 қыркүйек жағдайы бойынша жұмыссыздар саны 762 адамды құрады, бұл 2022 жылдың тиісті кезең деңгейінен 21,2 % азайды, кедейлік деңгейінен төмен тұратындар саны – 948 адам, бұл 2022 жылдың қаңтар - тамыз айының деңгейіне 102,9 % құрады (27 адамға көп).
Жұмыспен қамту қызметі арқылы 727 адам жұмысқа орналасты, бұл 2022 жылғы қаңтар-тамыз деңгейінен 8,8 %-ға аз.
2023 жылғы қаңтар- маусымына айлық еңбекақы 9,9%-ға көбейіп, 222 880 теңге құрады.
Денсаулық сақтау
Мемлекеттік денсаулықты сақтау желі құрамына заңды тұлға емес 6 дәрігерлік амбулатория, 6 ФАП, 27 медициналық пункт кіретін 2 аудандық аурухана кіреді.
Білім беру
Білім беру желісін 37 жалпы білім беретін мектеп (6,503 мың оқушы), оның ішінде мемлекеттік тілде оқытатын 20 мектеп (3,032 мың оқушы). 89 оқушыға арналған 5 мектеп жанындағы интернат бар.
Колледж (201 оқушы), 17 балабақша, 21 шағын орталық (1976 бала) және 3 қосымша білім беру мекеме (1746 бала) жұмыс істейді.
Мәдениет
34 кітапхана, 22 мәдени-демалыс ұйымы, 5 киноқондырғы жұмыс істейді.
Қылмыс
79 қылмыс тіркелді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 30,7% аз.
Ауданның әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштерінің қорытындысы бойынша 2023 жылдың 8 айына оң динамика байқалады:
- негізгі капиталға инвестиция көлемі былтырғы көрсеткішке – 253,7% құрады;
- бөлшек сауда көлемінің нақты индексі –214,0% құрады.
- жұмыссыздар саны 21,2% азайды.
Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының оң тенденциясына қарамастан кейбір көрсеткіштер бойынша кері кетушілік байқалады:
- өнеркәсіп өнімінің көлемі 7,7 % азайды;
- ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 7,3 % азайды;
- ауданның шағын бизнес субьектілерінің өнімдерін өндіру 2,4% азайды;
- жұмысқа орналасқан саны 8,8 % азайды.