Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылдың 01 қыркүйек күні Богдановка ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
Богдановка сайлау округі бойынша:
1.Ахметов Азамат Советович, 1989 жылы туған, «Аңқаты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Теректі ауданы, Аңқаты ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
2.Кибашева Ляззат Айгалиевна, 1991 жылы туған, «Теректі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Теректі ауданы, Теректі ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
3.Тукпаев Талгат Бакытжанович, 1972 жылы туған, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің запастағы подполковнигі, Теректі ауданы, Теректі ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы