ТЕРЕКТІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2- тармақтарына сәйкес 2023 жылдың 13 тамыз күні Теректі ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына және 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 18 тамыздағы №77 шешімімен Теректі ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді:

Рспаев Армат Рспаевич, 1978 жылы туған, запастағы полиция майоры, Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Теректі ауылы, Нарын көшесі, 16 үйі 2 пәтерде тұрады, өзін-өзі ұсынды.

 

                        А.Бисенгалиев,

Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

 

 

Дата публикации
18 августа 2023