Теректі ауданының 2023 жылғы қаңтар-мамыр айына
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Аудан әкімі Мұханбетжанова Әлия Биғазықызы, 2023 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс істейді.
Аудан 1933 жылы құрылды, аумағы – 8,0 мың шаршы шақырым.
2023 жылғы 1 мамырына жағдай бойынша халық саны 39,091 мың адамды құрады.
Ауданда 15 ауылдық округ, 49 ауылдық елді мекен бар.
Теректі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының
негізгі көрсеткіштері
|
Көрсеткіштер |
2020 ж. |
2021 ж. |
2022 ж. |
2023 ж. қаңтар-мамыр |
2023 ж. қаңтар-мамыр пайызбен 2022 ж. қаңтар-мамыр |
|
Өнеркәсіп өнімінің көлемі, млн. теңге |
4709,3 |
5795,4 |
6995,5 |
2762,1 |
117,5 |
|
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі, млн. теңге |
21286,2 |
24117 |
31096 |
7896,4 |
102,5 |
|
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі, млн. теңге |
11117,9 |
9123,6 |
11569,8 |
5081,4 |
346,0 |
|
Орташа айлық еңбекақы, теңге |
133850 |
159019 |
195 400* |
207 178* |
110,9* |
*- 2023 жылғы қаңтар - наурызына
Теректі ауданының 2023 жылғы қаңтар-мамыр айына
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2762,1 млн. теңге құрады, ол нақты көлемінің индексі (бұдан былай (НКИ) бойынша 2022 жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда 17,5% көп (НКИ – 117,5 %).
2336,7 тонна ет өндірілді немесе 2022 жылдың қаңтар-мамыр деңгейіне 103,8 %, сүт – 15143,9 тонна (103,3%), жұмыртқа – 2611,5 мың дана (100,3%).
Тұрғын үй салуға инвестиция көлемі 962,5 млн. теңге құрады(2022 ж.-717,6 млн.т.), немесе 29,5% көбейді, 3147 ш.м., тұрғын үй енгізілді (2022 ж.- 5677 ш.м.), бұл 2022 жылдың қаңтар-мамыр айының деңгейіне 55,4% құрады.
Тауар айналымы
Бөлшек сауда көлемі – 1583,1 млн.теңге құрады. 2022 жылғы қаңтар-мамыр айымен салыстырғанда бөлшек сауда көлемі 152,1% құрады.
2023 жылғы 1 маусым жағдайына ауданда 137 қызметкер санымен шағын цех тіркелді және 3 жұмыс істейді. Шағын цехтардың ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өндірісінің көлемі 1571,5 млн. теңге құрады, бұл 2022 жылдың қаңтар-маусым кезеңінен 297,2 % құрады.
Қаржы
2023 жылғы 1 маусым мемлекеттік бюджетке 2101,3 млн. теңге жиналды, соның ішінде жергілікті бюджетке – 1541,8 млн. теңге. (болжамға 202,0 %, 2022 жылдың қаңтар-мамыр деңгейіне –164,5%).
Еңбек рыногы
Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 4,4% құрады, бұл 2022 жылдың тиісті кезең деңгейінен 0,9 пайыздық пунктке жоғары.
2023 жылғы 1 маусым жағдайы бойынша жұмыссыздар саны 906 адамды құрады, бұл 2022 жылдың тиісті кезең деңгейінен 21,4 % көбейді, кедейлік деңгейінен төмен тұратындар саны – 881 адам, бұл 2022 жылдың қаңтар - мамыр айының деңгейіне 113,8 % құрады (107 адамға көп).
Жұмыспен қамту қызметі арқылы 391 адам жұмысқа орналасты, бұл 2022 жылғы қаңтар-мамыр деңгейінен 9,8 %-ға көп.
2023 жылғы қаңтар- наурызына айлық еңбекақы 10,9%-ға көбейіп, 207 178 теңге құрады.
Денсаулық сақтау
Мемлекеттік денсаулықты сақтау желі құрамына заңды тұлға емес 6 дәрігерлік амбулатория, 6 ФАП, 27 медициналық пункт кіретін 2 аудандық аурухана кіреді.
Білім беру
Білім беру желісін 37 жалпы білім беретін мектеп (6,503 мың оқушы), оның ішінде мемлекеттік тілде оқытатын 20 мектеп (3,032 мың оқушы). 89 оқушыға арналған 5 мектеп жанындағы интернат бар.
Колледж (201 оқушы), 17 балабақша, 21 шағын орталық (1976 бала) және 3 қосымша білім беру мекеме (1746 бала) жұмыс істейді.
Мәдениет
34 кітапхана, 22 мәдени-демалыс ұйымы, 5 киноқондырғы жұмыс істейді.
Қылмыс
42 қылмыс тіркелді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 33,3% аз.