«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету» туралы № 105 бұйрығымен өзгерістер енгізілді.
Бұл мемлекеттік қызмет түрі толығымен электрондық форматқа ауысты.
Мамандар көтерме жәрдемақы немесе тұрғын үй алу/салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін «Отбасы банк» акционерлік қоғамы арқылы «Baspana Market»жылжымайтын мүлік порталында өтінім қалдырады.
(Ол үшінжеке тұлғаның ЭЦҚ кілті, Egov Mobail мобильді қосымшасы, кадр бөлімімен немесе нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасы көшірмесінің сканерленген нұсқасы қажет).
Қазіргі таңда тұрғын үй алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын алу үшінөтінімдерді қабылдауға портал ашылғандығын хабарлайды.
Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй құрылысына өтінімдерді қабылдау алдағы күндері («Отбасы банк» акционерлік қоғамы жасақтауда) ашылатындығын ескеру қажет.
Туындаған сұрақтар бойынша «Теректі ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарласыңыз, телефон – 21948.