Теректі ауылы №71 2023 жылғы 3 тамыз
2023 жылғы 13 тамызға тағайындалған
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданының Теректі ауылдық округі әкімінің
сайлауына байланысты Теректі ауылдық округі әкімі лауазымына
кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, 28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- 2023 жылғы 13 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Теректі ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ағымдағы жылғы 10 тамыз күні сағат 17-00-де Теректі ауылындағы Теректі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Теректі аудандық Достық үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің көрермен залында (келісім бойынша) кандидаттардың сайлауалды пікірсайысы өткізілсін.
- 2023 жылғы 13 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Теректі ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу жөніндегі жоспары бекітілсін (1-қосымша).
- Осы шешім Теректі ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін.
- Осы шешім Теректі ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында жариялансын.
- Осы шешімнен туындайтын ұйымдастыру шараларының орындалуын бақылау Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Д.Жумагалиевке жүктелсін.
- Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Теректі аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы А.Бисенгалиев