ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ПОДСТЕПНОЕ ЖӘНЕ ШАЛҚАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІ ӘКІМДЕРІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ

ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ

ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ПОДСТЕПНОЕ ЖӘНЕ ШАЛҚАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІ ӘКІМДЕРІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес 2023 жылғы 07 мамыр күні жергілікті уақытпен сағат 18:00-де Подстепное және Шалқар ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталғанын хабарлайды:

Подстепное сайлау округі бойынша:

Теректі ауданы бойынша барлығы 4 кандидат ұсынылды, 1-уі «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық филиалы ұсынды, 3-уі өзін-өзі ұсынғандар.

Ағымдағы жылғы 07 мамырдағы сағат 18:00 жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді (75%), 1 кандидатты тіркеуден бас тартылды (25%);

 

Шалқар сайлау округі бойынша:

Теректі ауданы бойынша барлығы 3 кандидат ұсынылды, 1-уі «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық филиалы ұсынды, 2-уі өзін-өзі ұсынғандар.

Ағымдағы жылғы 07 мамырдағы сағат 18:00 жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді (100%).

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ресми ақпарат 2023 жылғы 9 мамырдағы №20 аудандық «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» қоғамдық – саяси  газетінде  жарияланатынын хабарлайды.

 

А.Бисенгалиев,

Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

 

Дата публикации
07 мая 2023