Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес, Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылдың 07 мамыр күні Подстепное және Шалқар ауылдық округтері әкімдерінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
Подстепное сайлау округі бойынша:
1.Аманғазы Әліби Аманжолұлы, 1973 жылы туылған, жұмыссыз, Теректі ауданы, Новопавловка ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Шалқар сайлау округі бойынша:
1.Разиев Кадыр Болатович, 1980 жылы туылған, «Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Теректі ауданы, Ұзынкөл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
2.Шарипов Фарит Радикович, 1988 жылы туылған, «Долин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Теректі ауданы, Долин ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
А.Бисенгалиев,
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы