«Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» ММ-сінің 2026 жылдың 1 маусымына атқарылған жұмыстары
туралы ақпарат.
Атаулы әлеуметтік көмек
2026 жылдың 1 маусымына аудан бойынша кедейлік шегінен төмен тұратын азаматтардың жалпы саны 280 адам (51 отбасы), бұл халықтың жалпы санынан 0,7 %-ын құрайды. (2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кедейлік шегінен төмен тұратын азаматтардың саны 333 адам (63 отбасы) құрады немесе 19,0 % отбасы саны төмендеді).
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасы бойынша 2026 жылға 83758,0 мың теңге (ОБ – 54327,0 мың теңге, ЖБ –29431,0 мың теңге.) бөлінді. Соның ішінде атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін 75983,0 мың теңге (ОБ – 46552,0 мың теңге, ЖБ – 29431,0 мың теңге) және балаға ай сайынғы қосымша төлемді ету үшін облыстық бюджеттен 7775,0 мың теңге қаражат бөлінді.
Ағымдағы жылдың басынан бастап 48 отбасы 268 адамға 13302,3 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, оның ішінде 7 отбасы 40 адамға 2738,9 мың теңге шартсыз ақшалай көмек және 41 отбасы 228 адамға 10563,4 мың теңге шартты ақшалай көмек төленді. (2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 59 отбасы 313 адамға 11807,4 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді, оның ішінде 13 отбасы 60 адамға 3664,9 мың теңге шартсыз ақшалай көмек және 46 отбасы 253 адамға 8142,5 мың теңге шартты ақшалай көмек төленді).
Шартты ақшалай көмек алушылар бойынша 41 отбасымен (228 адам) әлеуметтік келісімшарт жасалып, соның ішінде, 62 адам еңбекке қаблетті, оның 41 адамы жұмыс жасап жүргендер болса 8 адам (5 адам тұрақты жұмысқа, 3 адам ақылы қоғамдық жұмысқа) жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандар. АӘК алушылардың ішінен жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған үлесі 2026 жылға жоспар- 78%, бүгінгі таңда орындалуы 79,0 % құрайды. (2025 жылы 46 отбасымен (253 адам) әлеуметтік келісімшарт жасалып, соның ішінде, 72 адам еңбекке қаблетті, оның 41 адамы жұмыс жасап жүргендер болса 4 адам (1 адам тұрақты жұмысқа, 3 адам ақылы қоғамдық жұмысқа) жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандар. АӘК алушылардың ішінен жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған үлесі 2025 жылға жоспар- 78%, орындалуы 63,0 % құрады).
Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 1 жастан 6 жасқа дейінгі 76 балаларға (40 отбасы) ай сайынғы қосымша төлемі тағайындалып, 1660,8 мың.теңге қаражат төленді (1,5 АЕК= 6488 теңге). (2025 жылы 99 балаларға (51 отбасы) 1964,0 мың.теңге қаражат төленді (1,5 АЕК=5898 теңге).
Жекелеген санаттарға арналған әлеуметтік көмектер
Теректі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы №14-1«Теректі ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мен тәртібі туралы» шешіміне сәйкес 19 отбасыға 466,0 мың.теңге қаражат жергілікті бюджеттен төленді.
Теректі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы №25-2 «Теректі ауданында жеке оқыту жоспары мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне сәйкес, үйден оқитын 21 мүгедектігі бар балаларға 1967,8 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.
Теректі аудандық мәслихатының 2023 жылдың 17 қазандағы №8-3 «Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, атаулы мен мереке күндеріне және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына 746 азаматқа 62661,0 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілді.
Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау
Аудан бойынша барлығы 1261 мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде І топ – 148, ІІ топ – 392, ІІІ топ – 553, 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар- 56, 7-18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 112.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 283, 286, 287, 288 бұйрықтарына сәйкес жыл басынан абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 81 мүгедектігі бар адам 179 міндетті гигиеналық құралдармен, протез-ортопедиялық 30 мүгедектігі бар адам 35 құралдармен, тифлотехниқалық құралдарымен 11 мүгедектігі бар адам 55 құралдарымен, кресло арба – 12 мүгедектігі бар адам 19 кресло арбамен қамтылды, санаторийліқ курорттық емделуге 116 тапсырыс қабылданып, бүгінгі танда 34 мүгедектігі бар адам демалып келді, 10 мүгедектігі бар адам жеке көмекші және 7 мүгедектігі бар адам ымдау тілі маманның қызметін алуда.
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау әлеуметтік қолдаудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Ауданда бірқатар оңалту шаралары өткізілуде, соның ішінде «Инватакси» қызметі көрсетілуде.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша Көру мүшесі зақымдалған мүгедектер қоғамдық бірлестігінің «Орал» корпоративтік қорымен және «Ел Мұраты» мүгедектер қоғамдық бірлестігімен 2026 жылға келісім шарт жасалып, ауданда 4 «Инватакси» автокөлігі арқылы 1 топ көзі нашар көретін, гемодиализ аппаратын пайданалатын 1 топ мүгедектігі бар адамдар, арнаулы жүріп-тұру құралдармен пайданалатын мүгедектігі бар адамдар және 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тасымалдау жұмыстары жүзеге асырылуда. «Инватакси» қызметін 28 (14-ересектер, 14- балалар) мүгедектігі бар адамдар пайдаланып, әлеуметтік маңызы бар объектілерге жеткізу бойынша 1177 (622-ересектер, 555- балалар) сапарлар орындалды. Осы қызметті көрсету үшін 2026 жылға жергілікті бюджеттен 19934,4 мың теңге қаражат бөлініп, 4424,0 мың теңге игерілді.
Жыл басынан мансап орталығы арқылы 13 мүгедектігі бар адамдар жұмысқа орналастырылды.
2025 жылдың 21 қарашадағы «Батыс Қазақстан облысы бойынша 2026 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» №246 қаулысына сәйкес Теректі аудан бойынша төрт жұмыс орындары арналып, бекітілді.
Бүгінгі таңда Шағатай ауылдық округіндегі «Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне вахтер ретінде бір мүгедектігі бар адам жұмысқа орналастырылды.
Жаңа жұмыс орындары
2026 жылдың 1 маусымына аудан бойынша экономиканың барлық салаларында ашылған жаңа жұмыс орындарының саны 507 (жоспар 976 ж.ж.о.), оның ішінде ауылшаруашылығында – 62, құрылыс – 65, көлік және қоймалауда – 18, саудада – 68, білім беруде - 26, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 1, басқа салаларда – 55, уақытша және маусымдық орындар – 212 жаңа жұмыс орындары құрылып отыр. Жоспардың орындалуы 51,9 % құрайды.
2025 жылдың 1 маусымына аудан бойынша экономиканың барлық салаларында ашылған жаңа жұмыс орындарының саны 558 (жоспар 976 ж.ж.о.), оның ішінде ауылшаруашылығында – 37, өнеркәсіп – 0, құрылыс – 16, көлік және қоймалауда – 40, саудада – 99, білім беруде - 30, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер - 3, басқа салаларда – 72, уақытша және маусымдық орындар – 264 жаңа жұмыс орындары құрылып отыр. Жоспардың орындалуы 57,2% құрады.
Үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №263 бұйрығына сәйкес, Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы, аудан бойынша үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін орталыгында 3 бөлімшесі бар, оның екі бөлімшесі қарттар мен мүгедектер, үшіншісі аралас бөлімше (мүгедек балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектер және жалғызбасты қарттар мен 1,2 топ мүгедектігі бар жандар).
Орталықта қазіргі таңда 52 әлеуметтік қызметкер 244 қамқорланушыға (3 мүгедектігі бар бала, 222 жалғызбасты қариялар мен 6 жалғыз басты мүгедектігі бар жандарға және 13 адам он сегіз жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектігі бар адамдарға) қызмет көрсетіп отыр.
Бөлім басшысы А.Тасенова
Орындаған: А.Лукпанова