ШАҒАТАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

ШАҒАТАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2- тармақтарына сәйкес 2026 жылдың 5 шілде күні Шағатай ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына және 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 10 шілдедегі №38 шешімімен Шағатай ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді:

Мутиев Рустем Сейтонович, 1977 жылы туған, Шағатай ауылдық округінің әкімі, Теректі ауданы, Шағатай ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

 

                        

Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
10 июля 2026