
1976 жылы 15 тамыз күні дүниеге келген, туған жері – Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы Казталов ауылы, білімі – жоғары.
1997 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетін «Бухгалтер-финансист» мамандығы бойынша бітірген.
23.02.1998-01.09.1998 жылдары БҚО мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Казталов аудандық филиалының аға маманы.
1998-2000 жылдары Орал механикалық зауытының бухгалтері.
14.10.2000-29.12.2000 жылдары «Алтим» ЖСШ-ң бухгалтері.
2001-2004 жылдары «Оралоблгаз» АҚ Казталов ауданы бойынша инженері.
2004-2005 жылдары БҚО ақпараттық-статистикалық орталығының Казталов аудандық статистика бөлімінің бастығы.
2005-2007 жылдары БҚО статистика басқармасының Казталов ауданының статистика бөлімінің бастығы.
2007-2011 жылдары БҚО Казталов ауданы әкімі аппаратының басшысы.
04.05.2011-03.11.2011 жылдары БҚО Казталов ауданы жер қатынастары бөлімінің бас маманы.
2011-2013 жылдары БҚО бойынша тексеру комиссиясының бюджеттерді және активтерді бақылау бөлімінің бас маманы.
2013-2018 жылдары БҚО бойынша тексеру комиссиясының №3 бақылау бөлімінің бас маман-бас бақылаушы-тексерушісі.
2018-2020 жылдары БҚО бойынша тексеру комиссиясының №3 бақылау бөлімінің бөлім меңгерушісі.
2020 - 2024 жылдары БҚО Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары.
16.08-11.08.2024 жж– Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары.
2024 жылдың 12 тамыздан бастап Теректі ауданының әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.