Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қазанда № 21366 болып тіркелді.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда-ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 19.06.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Бекіту:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту" Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес" іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру " мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес" ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру " мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес" сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу " Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес" жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу " мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес "жер учаскелерінің бөлінуін және бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес" бұзылған жерлерді рекультивациялау жобасын келісу және беру " мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес "жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату" Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес "жер учаскесін алуға кезекке қою" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес "жер учаскелері туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)" Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары.