Теректі ауылдық округі әкімдігі жастар практикасына қатысу үшін жас мамандарды шақырады.
Егер сіз алғашқы еңбек тәжірибеңізді жинақтап, кәсіби дағдыларыңызды дамытып, мамандығыңыз бойынша еңбек жолын бастағыңыз келсе, жастар практикасы бағдарламасына қатысуға шақырамыз.
Талаптар:
• жасы 35-тен аспаған болуы тиіс;
• техникалық және кәсіптік немесе жоғары білім туралы дипломының болуы;
• алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесінің болмауы.
Барлық сұрақтар бойынша Теректі ауылдық округі әкімдігіне және Теректі ауданының Мансап орталығына хабарласуға болады.
Анықтама телефоны: 23-2-99, 21-9-68
2026 жылғы 25 мамырда Теректі ауылдық округінің әкімі Армат Рспайұлы Теректі ауылы тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.
Жиынға аудан прокуроры Бауыржан Молғалиев, аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, сала мамандары және жергілікті тұрғындар қатысты.
Кездесу барысында Армат Рспайұлы 2026 жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, бюджет, кәсіпкерлік, мал шаруашылығы, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және абаттандыру салаларында жүзеге асқан жұмыстарға тоқталды.
Жиын сұрақ-жауап форматында жалғасып, тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, аудан басшылығы мен сала мамандарына сұрақтарын қойды.
Шара соңында тұрғындар жеке қабылдауға жазылып, тиісті сала мамандарымен кездесті.
2026 жылғы 15 мамырда Жайық ауылында ауыл әкімі Армат Рспаев тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары өзекті мәселелерін көтеріп, сұрақтарына жауап алды. Атап айтқанда, Жайық ауылы ішіндегі жолды және кіреберістегі жолдарды жөндеу. Жайық ауылындағы бұралқы иттер мәселесін шешу. Жайық ауылындағы бос тұрған, және қараусыз қалған, тұрғын үй иелеріне, сыртқы түрлерін тиісті қалпына келтіру немесе бұзу мәселесін шешу. Жайық ауылындағы спорт алаңын жаңарту бойынша тұрғындар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
2026 жылғы 14 мамырда Тақсай ауылында ауыл әкімі Армат Рспаев тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары өзекті мәселелерін көтеріп, сұрақтарына жауап алды. Атап айтқанда, Тақсай ауылын кірме жолды жөндеу, Тақсай ауылындағы электр желілерін (0,4-10 кВТ) жөндеу, Тақсай ауылын интернет желісімен қамту бойынша тұрғындар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
2026 жылғы 13 мамырда Қабылтөбе ауылында ауыл әкімі Армат Рспаев тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары өзекті мәселелерін көтеріп, сұрақтарына жауап алды. Атап айтқанда, Қабылтөбе ауылын газдандыру мәселесі қозғалып, тұрғындар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
Аудан әкімі Ә.Мұханбетжанованың Теректі ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі