Шалқар ауылдық округінде біздің өміріміздегі маңызды оқиғаларға арналған мәдени іс-шаралар, мәдениет бөлімі қызметкерлерімен округ әкімі аппараты қызметкерлері бірігіп өткізеді. Сарыөмір ауылындағы Мәдениет үйі ғимараты 2012 жылы салынған. Көрермен залы 200 орындық. Округ бойынша 2 кітапханашы қызмет атқарады. Сарыөмір ауылындағы ауылдық кітапхана, ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында орналасқан. Дуана ауылындағы ауылдық кітапхана Ш.Онашев атындағы Дуана бастауыш мектебі ғимаратында орналасқан.