Округ аумағында 3 білім беру мекемесі жұмыс жасауда. Оның ішінде Сарыөмір ауылындағы Х.Есенжанов атындағы ЖОББМ, Шалқар ауылында Шалқар бастауыш мектебі және Дуана ауылындағы Ш.Онашев атындағы Дуана бастауыш мектептері бар.
Сарыөмір ауылындағы Х.Есенжанов атындағы ЖОББМ ғимараты 1987 жылы іргесі қаланған. 2017 жылы күрделі жөндеуден өткізілді.
Шалқар ауылындағы Шалқар бастауыш мектебі ғимараты 2004 жылы салынған.
Ш.Онашев атындағы Дуана бастауыш мектебінің ғимараты 1967 жылы салынған.
Сарыөмір ауылында 90 балаға арналған "Өркен" бөбекжайы жұмыс жасайды. Бөбекжай ғимараты 1985 жылы салынған.