Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызмет көрсету ақпарат

          2013 жылы "мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, ол мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге мүмкіндік береді.Жаңа форматтағы мемлекеттік қызметтер тізілімі, Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары бекітілді, Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген. "Приречное ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ мемлекеттік қызметтер тізілімі жер қатынастары саласында 5 Мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" -
  2. "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру"
  3.      "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу"
  4. "Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату" 
  5. "Жер учаскесін алуға кезекке қою"

          2023 жылы 3 Мемлекеттік қызмет көрсетілді: оның ішінде :

1."Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу" - 2 электрондық түрде

2."Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру"- 1

    Азаматтарға ыңғайлы болу үшін 2018 жылдан бастап әкімдік ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Егер бұрын тұрғындарға түрлі анықтамалар алу үшін аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет болса, қазір мұның бәрін жергілікті жерден алуға болады.  Мұнда әр тұрғын өз бетінше және маман Р.Байгасиеваның кеңесі бойынша өзін қызықтыратын қызметті ала алады. 2023 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 111 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.                     Бұл: ЭЦҚ алу, азаматтардың мобильді базасында телефон нөмірін тіркеу, тұрғылықты жері бойынша азаматтарды тіркеу, жұмыссыз ретінде есепке қою, анықтамалардың әртүрлі түрлерін алу, медициналық ұйымға тіркелу, жүргізуші куәлігін алу және басқа да көптеген қызметтер.  Өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы ашылған сәттен бастап алынған қызметтер саны жыл сайын артып келеді.

   Приречное ауылдық округі әкімінің аппараты ғимаратында Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері туралы ақпараттық стенд орналастырылған. Сондай-ақ, шағымдар мен ұсыныстарға арналған   жәщек бар.

Округ тұрғындары арасында Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, ақпараттық материалдар таратылады. 2023 жылы округ тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету мәселесін түсіндіру бойынша 12 іс-шара өткізілді.

Дата публикации
26 марта 2024
Дата обновления
26 марта 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
28 марта 2024
Жадынама алаяқтықтың құрбаны болмау туралы
26 марта 2024
Мемлекеттік қызмет көрсету ақпарат
26 марта 2024
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттар, регламенттер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы