GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Все материалы
Абаттандыру
21 сентября 2026
«World Cleanup Day» экологиялық акциясы ұйымдастырылды
Қоршаған ортаның тазалығы – туған жерге деген жанашырлық пен жауапкершіліктің көрінісі.
 
Акцияға округтің мекеме-кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметкерлері қатысып, алдын ала бекітілген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізді. Негізгі мақсат – елді мекен аумағын қоқыстан тазарту, санитарлық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру.
07 июля 2026
Жаңа Конституция іс жүзінде! ⚖️

1 шілдеде — еліміздің Негізгі заңы күшіне енген күні Долин ауылдық округі әкімінің аппаратында конституциялық реформаларды жергілікті деңгейде іске асыруға арналған дөңгелек үстел өтті. Жиналыстың басты тақырыбы конституциялық реформаларды жергілікті деңгейде жүзеге асыру болды.

Мәдениет және спорт
07 июля 2026
Астана күні – бірлік пен берекенің мерекесі!
Астана күніне орай Долин ауылдық округінде жастар арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарына арналған мерекелік концерт өтті.
⚽️ Турнир қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – «Долин жастары»
🥈 ІІ орын – «Адал арна»
🥉 ІІІ орын – «Түркістан жол сервисі»
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, кубок және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Мереке барысында ауылдың қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсенді қолдау көрсетіп жүрген азаматтар мен кәсіпкерлерге Долин ауылдық округінің әкімі Т.Манатауов Алғыс хаттар табыстады.
Биылғы турнирдің ерекшелігі – республикалық маңызы бар автожол құрылысында еңбек етіп жүрген Шымкент және Түркістан өңірлерінен келген жұмысшы жастардың да жарысқа қатысуы болды. Бұл спорт арқылы достық пен ұйымшылдықты нығайтудың жарқын көрінісіне айналды.
Шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен «AltynShalgyn» және «Жер Ана» шаруа қожалықтарына ұйымдастырушылар атынан шынайы алғыс білдіреміз.
Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасып, ауыл өнерпаздарының әсем әндері мен көтеріңкі көңіл күйге толы әсерлі отшашумен қорытындыланды.
Астана күні құтты болсын! Бірлігіміз бекем, еліміз аман болсын! 🇰🇿
 
 
 
 
 
 
Абаттандыру
05 июня 2026
"Таза Қазақстан" акциясы аясында Долин ауылдық округінде сенбілік өткізілді.

Қатысқан адам- 16
Шығарылған қоқыс көлемі- 0.2 т
Көлік - 1 дана

Мәдениет және спорт
05 июня 2026
4 маусымда еліміз ерекше мереке — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін атап өтеді
4 маусымда еліміз ерекше мереке — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін атап өтеді. Бұл күні көгілдір туымыз, еңселі елтаңбамыз бен жігерлі әнұранымыз миллиондаған жүректерді біріктіріп, бізге ең басты құндылықтарымызды: тәуелсіздікті, бейбітшілік пен келісімді паш етеді.
Осынау айтулы күннің құрметіне Долин ауылында мерекелік велошеру өтіп, Әнұран салтанатты түрде шырқалды. Көк туымыз Қазақстанның бейбіт аспанында әрдайым асқақтай берсін!
Жер қатынастары
28 апреля 2026
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 43-1 бабына және Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына сәйкес Теректі ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсты 2026 жылғы 11 маусым сағат 10:00 де өткізеді. Өтетін орны: Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Теректі ауылы, Сұңқар көшесі, 18 аудан әкімдігінің ғимаратында.

 

Конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі

 

Жер

учаскесінің

Лот

нөмірі

Жеручаскесінің қысқаша сипаттамасы, оныңішінде: алқаптардың құрамы мен түрлері, бонитет балы (бұдан әрі мәтін бойынша - балл.б)

Ауданы,га

Жалға алу

мерзімі, жыл

Жеручаскесінің орналасқан жері (шаруашылық және аудан орталықтарынан орташа қашықтық)

 

Сумен қамтамасыз ету

1

егістік, орташа балл б. - 20

433

10

Шағатай а/о,

Шағатай а. дейін – 19 км

жоқ

2

егістік, орташа балл б. - 20

540

10

Шағатай а/о,

Құтсиық а. дейін – 3,5 км

жоқ

3

егістік, орташа балл б. - 21

500

10

Шалқар а/о,

Сарыөмір а.дейін– 4,5 км

жоқ

4

егістік, орташа балл б. – 31

жайылым, орташа балл б. - 28

292

(257 га егін,

35 га жайылым)

10

Ақсуат а/о,

Ақсуат а.дейін– 8,1 км

жоқ

5

егістік, орташа балл б. – 31

жайылым, орташа балл б. - 28

880

(861 га егін,

19 га жайылым)

10

Ақсуат а/о,

Ақсуат а.дейін– 4,9 км

жоқ

6

егістік, орташа балл б. - 31

120

10

Долин а/о,

Долин а. дейін – 7,2 км

жоқ

7

жайылым, орташа балл б. - 26

135,5

10

Долин а/о,

Қоныссай а. дейін – 4,8 км

жоқ

8

егістік, орташа балл б. - 31

177

10

Долин а/о,

Қоныссай а. дейін – 8 км

жоқ

9

егістік, орташа балл б. - 31

200

10

Долин а/о,

Төңкеріс а. дейін – 5,6 км

жоқ

10

шабындық, орташа балл б. - 23

200

10

Долин а/о,

Шөптікөл а. дейін – 7 км

жоқ

11

егістік, орташа балл б. - 27

188

10

Покатиловка а/о,

Покатиловка а. дейін – 4,8 км

жоқ

 

ЕСКЕРТПЕ

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн өткен соң 2026 жылдың 21 мамыр мен 10 маусым аралығында, сағат 09:00-дан бастап сағат 18:00 аралығында Теректі ауданы, Теректі ауылы, Сұңқар көшесі, 20 ғимарат мекенжайы бойына орналасқан Теректі ауданынынң жер қатынастары бөлімінде өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі. Өтінімді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 518 бұйрығымен бекітілген қағидада көрсетілген талаптарға сәйкес қабылданады.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.

Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының 2 тарау 12 тармағына сәйкес аквашаруашылықты жүргізу үшін жер учаскесін беруді қоспағанда, конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бекітілген Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылады.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының 2 тараудағы келесі тармақтарына сәйкес:

  1. Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
  2. Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
  3. Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

Қосымша, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының 2 тарау 23 тармағына сәйкес осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген конкурстық ұсыныстар бойынша балдар міндеттемелердің өлшемшарттары бойынша беріледі.

Конкурсты өткізу туралы қосымша ақпаратты (өтінім нысандары мен конкурсты өткізу ережесі) мына сайттан алуға болады: https://www.terekta-bko.gov.kz/немесе телефон арқылы +7 (71132)-23-349 "Теректі ауданының жер қатынастары бөлімі"ММ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
23 января 2026
«STOP коррупция» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді

Отырыс ашық әрі мазмұнды форматта өтіп, ашықтықты, жауапкершілікті және адал қызмет қағидаттарын сақтау мәселелері талқыланды. Іс-шараға округ әкімі Т. Манатауов, округ әкімдігі аппаратының қызметкерлері, Мәдениет үйі мен ветеринариялық қызмет өкілдері қатысты. Аталған форматтағы кездесулер өзара сенімді нығайтуға және нәтижеге бағытталған бірлескен жұмысты қамтамасыз етуге ықпал етеді.

23 января 2026
Жыл сайын Долин, Төңкеріс, Шөптікөл және Қоныссай ауылдарының 1 жастан 5 жасқа дейінгі, балабақшаға, мектепке және шағын орталыққа бармайтын балаларға демеушілік қаражат есебінен сыйлықтар табысталады.
Жыл сайын Долин, Төңкеріс, Шөптікөл және Қоныссай ауылдарының 1 жастан 5 жасқа дейінгі, балабақшаға, мектепке және шағын орталыққа бармайтын балаларға демеушілік қаражат есебінен сыйлықтар табысталады.
Биыл 46 бала сыйлыққа ие болды.
Көрсетілген қолдау үшін демеушілерге алғысымызды білдіреміз:«Қаз АқБас» ЖШС Климов П.В., «Жер ана» ШҚ — Мухамедьяров А.У., «Райымбек» ШҚ — Хайыров Р.С., «Сапар» ШҚ — Байгелов К.К., «Дат-Тонкерис» АШӨК — Ахметов М.С., «Ерназ» ЖК — Шерхулов Ш.К.
Балаларға көрсеткен қамқорлықтары мен қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз.
Мәдениет және спорт
15 декабря 2025
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай еліміздің тарихындағы маңызды беттерге арналған дөңгелек үстел өтті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай еліміздің тарихындағы маңызды беттерге арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның құрметті қонағы — Желтоқсан оқиғасының қатысушысы Дюсембаев Амангельді, ол сол күндерге қатысты естеліктерімен бөлісті.
Ізгі құрмет белгісі ретінде Долин ауылдық округінің әкімі Талғат Бисенғалиевич Манатауов оған алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.

26 ноября 2025
Заң мен Тәртіпті нығайту аясында Шөптікөл ауылының тұрғындарымен кездесу өтті.

Заң мен Тәртіпті нығайту аясында Шөптікөл ауылының тұрғындарымен кездесу өтті. Округ әкімі Т. Манатауов және учаскелік инспектор Д. Адильханов құқықтық мәдениетті арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік және азаматтардың жауапкершілігі мәселелерін талқылады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы