
Округ аумағында үш білім беру мекемесі жұмыс жасауда. Оның ішінде Долин ауылындағы Чапаев ЖОББ мектебі, Төңкеріс ауылында Долин негізгі орта мектебі, Шөптікөл ауылындағы Шөптікөл негізгі орта мектебі бар.
Долин ауылындағы Чапай ЖОББМ-нің ғимараты 1967 жылы салынған. 2020 жылы күрделі жөндеуден өтті.
Төңкеріс ауылында Долин мектебінің ғимараты 1962 жылы салынған.
Шөптікөл ауылының Шөптікөл мектебінің ғимараты 1985 жылы салынған.
Долин ауылында 40 балаға арналған «Назерке» балабақшасы жұмыс жасайды. 2020 жылы жылыту жүйесі мен терезелері ауыстырылды. 2021 жылы үкімет тарапынан 17 000 000 теңге қаражат бөлініп, 2022 жылы күрделі жөндеуден өтті.