Аңқаты ауылдық округінің жастар жетекшісі қазіргі таңда Теректі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі орталықтың маманы Кажниязова Сымбат Жағыпарқызы 2018 жылдан бері жұмыс жасауда. Аңқаты ауылдық округінде 14-35 жас аралығындағы жастар саны - 307 адам. Оның ішінде ерлер саны - 187, әйелдер саны120. Оқушылар саны - 65. 18-35 жас аралығындағылар 242 адам. Барлық студенттер саны - 50. Жоғарғы оқу орнында оқитын студенттер саны - 19, колледждерде оқитын студенттер саны - 31.
Жастардың жұмыспен қамтылуы
Жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалардан "Жастар тәжірибесінен" 4 адам, "Дипломмен ауылға" 3 адам жұмыс жасап жатыр.
Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында бағдарламаларды түсіндіру жұмыстары ұдайы жүргізілуде. Қазіргі таңда 5 жас кәсіпкер бар, олар мал шаруашылығы бағытында жұмыстануда.