Аңқаты ауылдық округі ауданның оңтүстік бөлігінде орналасқан, аумағы 74561 га. Округтің құрамына Аңқаты, Ерсары, Балық цехы, Қандық, Новая точка, Сатымшеген елді мекендері кіреді, елдімекен аумағы 14772 га. Ауыл шаруашылық жерінің көлемі 55554 га. Босалқы жер қоры 1954,3 га. Аңқаты ауылынан аудан орталығына дейін 110 км, облыс орталығына дейін 85 км. Балық цехы ауылынан аудан орталығына дейін 123 км, облыс орталығына дейін 73 км. Ерсары ауылынан аудан орталығына дейін 100 км, облыс орталығына дейін 75 км. Қандық ауылынан аудан орталығына дейін 103 км, облыс орталығына дейін 75 км. Сатымшеген ауылынан аудан орталығына дейін 139 км, облыс орталығына дейін 89 км.