"Баспаналы болу бір бақыт"

"Баспаналы болу бір бақыт"

Қазақстан Республикасы Президентінің «Ауылды дамыту, ауылдық жерлерде тұрғындарға жақсы өмір сүруге қолайлы жағдай жасау» жөнінде берген тапсырмасын орындау мақсатында биылғы жылы ауылдық жерлерде тұрғын үйлер салу қолға алынды. «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысына сәйкес, 2024 жылы Тасқала ауданының әлеуметтік осал топтарына арналған 34 пәтер сатып алуға жалпы 652478,0 мың теңге бөлінді. Аудан бойынша Ақтау ауылында- 10 пәтер, Мерей ауылында - 8 пәтер, Атамекен ауылында- 8 пәтер, Шежін ауылында 2 пәтер, Амангелді ауылында 6 пәтер салынды.
2024 жылдың 15 қарашасында ең алғашқы болып қоныс той тойлау Ақтау ауылының тұрғындарына бұйырса, түстен кейін Мерей ауылының тұрғындары қоныс той қуанышын жалғастырды. Аудан әкімі Т.Шакиров тұрғындарға жаңа үйлердің кілттерін табыстап, жылы тілектерін айтып, құттықтады.
Бұл бастама тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту бойынша қолға алынған ірі жоба аясында жүзеге асуда. Мұндай игі істердің болашақта да жалғасатынына сенеміз!