
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы
№1248 қаулысына және БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы
ұйымының (БҰҰ ФАО) ұсынымына сәйкес, 2025 жылы ауыл шаруашылығы
секторының құрылымы мен жай-күйі туралы өзекті деректерді жинауда
маңызды рөл атқаратын ауыл шаруашылығы санағын өткізу жоспарланған.
Пилоттық ауыл шаруашылығы санағының мақсаты санақ парақтарын,
әдіснамаларды, ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді
сынақтан өткізу, далалық жұмыстардың ұйымдастырылуын, сондай-ақ
интернет пен әкімшілік деректердің сапасын бағалау.
2024 жылғы 20 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Ұлттық статистика
бюросының аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері пилоттық ауыл
шаруашылығы санағын 54 елдімекенде – ауылдық және қалалық жерлерде
жүргізетін болады.
Ауыл шаруашылығы санағына шаруа немесе фермер қожалықтары,
сондай-ақ ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын үй
шаруашылықтарын қоса алғанда, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық
бөлімшелері, дара кәсіпкерлер қатыса алады. Санақ жер және егіс алқаптары,
ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының саны, ауыл шаруашылығы
техникасы мен жабдықтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы
инфрақұрылымына қатысты басқа да аспектілер туралы деректерді
өзектендіруге мүмкіндік береді.
Анықтама:
Ауыл шаруашылығы санағы – бұл ауыл шаруашылығының құрылымы
мен жағдайы туралы мәліметтерді жинау, өңдеу, ресми статистикалық
ақпаратты талдау және тарату процесін қамтитын статистикалық
бақылау.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық
ұйымының (БҰҰ ФАО) халықаралық ұсыныстарына сәйкес,
ауылшаруашылық санағы әр бес-он жыл сайын жүргізілуі керек, оның негізгі
міндеті – аграрлық шаруашылықтардың негізгі ұйымдық құрылымы туралы
мәліметтер алу, бұл сектордағы тенденциялар мен құрылымдық
өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.