Қадірлі жерлестер!

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді елдің елдігін, мемлекеттің мәртебесін айқындайтын мерекелердің бірі -Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Рәміздер халықтың рухы мен елдің егемендігін ғана емес, сол мемлекеттің өркениет көшінен алар орны мен деңгейін де белгілейді.

Бүгінгі күні Қазақстанның Мемлекеттік Туы өзімен экономикалық және достық қарым-қатынас орнатқан көптеген мемлекеттерде желбіреп тұр.
Жеңімпаз спортшыларымыз Туымызды көкке көтеріп, Әнұранымызды асқақтатуда.Бұл әрбіріміз үшін зор мақтаныш, бақыт!
Осы ретте, жас ұрпақтың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін қалыптастырып, санасына сіңіру баршамыздың азаматтық борышымыз ғана емес, басты жауапкершілігіміз.

Қымбатты тасқалалықтар!
Әрқашанда Елтаңбамыздың еңсесі биік болып, Мемлекеттік Туымыз көк жүзінде қалықтап, әсем әуенді Әнұранымыз шырқала берсін!
Барша аудан халқын Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтай отырып, еліміздің кемел келешегін нығайту жолындағы еңбектеріңізге зор табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі баянды болсын!

Құрметпен, Тасқала ауданының әкімі Т.Шакиров