
Көктемнің басталуымен, құрғақ ауа райы орнағаннан кейін, адамдар қоқыс пен былтырғы шөпті өртеп, үй маңындағы аумақтарды ретке келтіре бастайды.
Көптеген адамдар қоқысты жағу кезінде зақым келтірілуі және абайсыздық пен немқұрайлылық өртке әкелуі мүмкін екендігін біле тұра, елемейді.
Сонымен, өрттің негізгі себептері – адами фактор болып табылады, өртті абайсызда жағу және өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып, құрғақ шөпті өсімдіктерді өртеу.
Осыған байланысты, Департамент өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын күшейтті.
От және қоқысты жағу кезіндегі өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары:
- бақылаусыз жану туындаған кезде жедел шаралар қабылдау үшін суы бар ыдыстың қолжетімді жерде болуы қажет.
Жоғарыда аталған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес, әкімшілік ықпал ету шаралары қарастырылғанын айта кеткен жөн.