Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін арналған портал tasqyn.bkogov.kz

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін арналған портал tasqyn.bkogov.kz

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін арналған портал tasqyn.bkogov.kz


Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында tasqyn.bkogov.kz порталы құрылды. Бұл портал зардап шеккендерге маңызды ақпарат пен ресурстарды ұсынады.

Порталдың негізгі функциялары:

1. Қазіргі уақытта портал Орал қаласы бойынша жұмыс жасап тұр, алдағы уақытта басқа да аудандарда қосылады. Басты бетте ТЖД мен әкімдіктердің кезекші қызметтерінің нөмірлері көрсетілген.

2. Су тасқыны туралы жедел ақпарат: Пайдаланушылар судың толып кетуі, жолдардың жабылуы, гидрологиялық бюллетеньдер және су тасқынына байланысты басқа да маңызды оқиғалар туралы ақпарат ала алады.

3. Эвакуациялық пункттердің мекенжайлары мен байланыстары: Портал эвакуациялық пункттердің телефондары мен нақты мекенжайларын ұсынады.

4. Эвакуациялық пункттердің қажеттіліктері: Портал бөлімінде эвакуациялық пункттердің қажеттіліктері туралы ақпарат көрсетіледі. Бұл көмек көрсетуге ниет білдірушілерге, соның ішінде кәсіпкерлерге, еріктілерге және қорлармен басқа да ұйымдарға арналған. Қажеттіліктерге азық-түлік, гигиеналық құралдар, киім-кешек және басқа да қажеттіліктер кіреді.

Tasqyn.bkogov.kz порталы жаңа ақпараттардың пайда болуына сәйкес үнемі жаңартылып, жетілдіріліп тұрады.