
Сіздерді мұсылмандардың қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Рамазан – береке мен бірлік, кешірім мен мейірім және қайырымдылықтың айы. Осынау қасиетті айдың аяқталуына орай аталып өтілетін айт мерекесі халқымыз үшін діни ғұрып ғана емес, ұлттық дәстүрімізбен біте қайнасып кеткен ұлық мейрам.
Ораза айт мерекесі ұлттар мен ұлыстарды ынтымаққа ұйыстырады. Иманды күшейтіп, азаматтарымызды қайырымды іс жасауға, жақынына көмектесіп, мұқтаждарға қол ұшын беруге жігерлендіреді.
Ораза айт мейрамымен құттықтай отырып, баршаңызға барлық ізгі жақсылықтар мен игі қуаныштарды тілеймін.
Ораза айт құтты болсын!
Ізгі ниетпен, Тасқала ауданының әкімі Т.Шакиров