Көкжөтел туралы не білу қажет?

Көкжөтел туралы не білу қажет?

Көкжөтел – бұл көбінесе балаларда байқалатын және белгілі бір клиникалық көрінісі мен белгілері бар инфекциялық ауру. Көкжөтелдің ерекшелігі – тыныс алу функциясының бұзылуы және аурудың дамуы кезінде тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының зақымдануы.
Батыс Қазақстан облысында 2023 жылы көкжөтелдің 13 жағдайы тіркелді. Жас құрамы бойынша аурушаңдық 1 жасқа дейінгі балалар арасында - 11 жағдай, 1-5 жасқа дейінгі балалар арасында 2 жағдай тіркелді.
Ауырғандардың ішінде 1 бала екпе курсын толық алмаған, 3 жағдайда екпеден бас тартқандар, 6 жағдайда медициналық көрсеткіштер себебінен екпе алмағандар, 1 жағдайда егу жасына толмаған, 2 жағдай басқа да себептермен екпе алмағандар арасында анықталған.
Көкжөтелге қарсы негізгі алдын алу шарасы вакциналау болып табылады. Көкжөтелден барынша қорғау үшін екпе алу баланың 2 айынан басталып, 1 ай аралығымен 3 екпе, жасалады. Кейін 1,5 жаста бірінші ревакцинация, 6 жаста екінші ревакцинация жүргізіледі.