Бірыңғай конкурстық комиссияның хаттамасы негізінде аудан әкімінің өкіміне сәйкес Тасқала ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымына Белгин Нұрбол Жақыпұлы тағайындалды.
Нұрбол Жақыпұлы 1992 жылы 16 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Бөкейордасы ауданы, Бисен ауылында дүниеге келген. Білім – жоғары. 2014 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2016 жылы Тасқала ауданының жастармен жұмыс орталығында маман болып бастаған. Әр жылдары Тасқала ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маман, сектор меңгерушісі, Тасқала ауданы әкімі аппаратының құжаттамамен қамтамасыз ету, бақылау және қаржы-шаруашылығы жұмысы бөлімі басшысы қызметтерін атқарды.
2024 жылдың 29 қаңтарынан бастап Тасқала ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.