Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының конкурстық комиссияның шешімі негізінде, аудан әкімінің өкіміне сәйкес 2023 жылдың 25 желтоқсан күні Тасқала ауданы әкімінің орынбасары (әлеуметтік салаға жетекшілік ететін) лауазымына Саягүл Маулетқызы Галиева тағайындалды. Жаңа аудан әкімінің орынбасарын ұжымға аудан әкімі Талғат Асқарұлы таныстырды.
Саягүл Маулетқызы 1988 жылы 25 қыркүйекте, Тасқала ауданы Ақтау ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2010 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, 2015 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті «Экономика» мамандығының магистрі және 2018 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Тасқала ауданы әкімі аппаратында жастар тәжірибиесінен бастап, осы мекемеде статист қызметін атқарған. Әр жылдары Тасқала ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман- бухгалтер, Тасқала ауылдық округі әкімінің орынбасары, Амангелді ауылдық округі әкімі қызметтерін атқарды.
2023 жылдың 25 желтоқсанынан бастап Тасқала ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Саягүл Мәлетқызының алдағы қызметіне табыс тілейміз.