Тасқала ауданында мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту тетіктері

Тасқала ауданында мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту тетіктері

Заманауи ақпараттық технологияларды енгізу және процестерді цифрландыру мемлекеттік қызметтерді ұйымдастыру мен басқаруды айтарлықтай жақсартты.

Жалпы мемлекеттік қызметтер («Е-лицензиялау», «Е-собес», ИИС «ЦОН», «ЕАСУ», «Kezekte.kz» және т.б.) ақпараттық жүйелері арқылы көрсетіледі. Осы ақпараттық жүйелерді интеграциялау мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік органның ағымдағы міндеттерін жедел шешуге мүмкіндік береді.

Осылайша, ақпараттық жүйелерді интеграциялаудың арқасында көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру, көрсетілетін қызметті алушының мәртебесі туралы ақпаратты жинау және тексеру, қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді тарту процесі автоматтандырылды, және тағы басқа да жұмыстар атқарылды.

Өз кезегінде, электрондық үкіметті (e-government) қолданысқа енгізу азаматтарға қызметтерді онлайн алуға мүмкіндік беріп, мемлекеттік мекемелердің жұмыс процестері жеңілдетілді.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің статистикасы көрсетіп отырғандай, 2023 жылдың өткен 9 айында -  Тасқала ауданында электрондық форматта көрсетілген қызметтердің үлесі 91% -ды құрады. Сондай-ақ, аталған деректер халықтың электрондық қызметтерге деген үлкен сенімін көрсетеді.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартудың келесі факторы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін оқыту арқылы қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен Президент жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы «Ең алдымен адамдар» жаңа курсын әзірлеп, енгізді.

Бұл курс мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандарға арналған және мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен қарым-қатынас жасау, ақпараттық жүйелерді тиімді пайдалану, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету тақырыбын зерделеуге жаңа ғылыми тәсілдерді қолдана отырып, клиентке бағдарлану дағдыларын қамтиды. Облыста ағымдағы жылы көрсетілетін қызметті берушілердің 166 маманы, оның ішінде Тасқала ауданы бойынша соңғы 2 жылда 30 маман оқытылды.

Мемлекеттік мекемелер желісін кеңейту және оларды аудан аумағында біркелкі бөлуді қамтамасыз ету барлық тұрғындар үшін қызметтерді қолжетімді етуге мүмкіндік берді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Батыс Қазақстан облысының филиалымен шалғай аудандарда халыққа қызмет көрсетудің көшпелі пункттерін ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылған.

Мобильді ХҚКО-ның шығуы жергілікті атқарушы органдар мен көші-қон полициясының аумақтық бөлімдерінің қатысуымен (келісім бойынша) ауылдық округ әкімдерінің сұраныс хатына сәйкес жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға үйіне барып қызмет көрсету бойынша жұмыс жүргізілуде (ЕКО 1414).

Әр бір аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімінде өзіне – өзі қызмет көрсету секторы – «Connection point» бар. Бұл жерде азаматтардың өз бетінше қызмет алуларына мүмкіндігі бар.

Тасқала ауданында 2023 жылдың 9 айында «Connection point» арқылы 7337 қызмет көрсетілді.Мемлекеттік қызметтерді өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар аудан және ауылдық округ әкімдіктерінен де өз бетінше алуға болады.

Бақылау және кері байланыс тетіктерін құру азаматтарға көрсетілетін қызметтерге қатысты өз пікірлері мен ескертулерін айтуға мүмкіндік береді. Бұл проблемалық аймақтарды анықтауға және оларды жақсарту үшін шаралар қабылдауға көмектеседі. Ол үшін Тасқала ауданында 7 мемлекеттік қызметтердің онлайн жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Жұртшылық өкілдерімен бірлесіп аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімінде 3 қоғамдық қабылдау өткізілді. Мемлекеттік қызмет көрсететін 6 мемлекеттік органның аудандық қоғамдық кеңестерінде есептер тыңдалды. Жалпы, мемлекеттік қызметтерді алу және олардың нәтижелеріне шағымдану тәртібі туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру үшін ауданда 14 түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше құрылды. Бұл бөлімше стандарттар мен ұсынымдардың сақталуына мемлекеттік бақылау, сондай-ақ алынған деректерге талдау жүргізеді.

Тасқала ауданы бойынша ішкі бақылау қызметі 2023 жылдың 9 айында 6 бақылау іс - шарасын өткізді және көрсетілетін қызметті берушілердің атына 9 ұсыныс енгізді.

Коммерциялық емес ұйымдармен және қоғамдық бастамалармен өзара іс-қимыл мемлекеттік қызметтерді жақсарту бойынша қосымша қолдау мен сараптама алуға мүмкіндік береді. Қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық азаматтарды шешімдер қабылдау және жобаларды іске асыру процестеріне неғұрлым белсенді тартуға ықпал етеді. Соңғы жылдары тәжірибеге жұртшылықты тарта отырып, бақылаудың ерекше түрі енгізілді.

Мәселен, Тасқала ауданында аудандық Қоғамдық кеңестің және басқа да қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысқан мемлекеттік қызмет көрсету орындарына қоғамдық бақылау жүргізіледі. Ауданда 2023 жылдың 9 айында 2 шығу жүзеге асырылды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау қорытындылары бойынша жүйелі негізде мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процестеріне талдау жүргізіледі, қызметтер көрсету сапасын жақсартуға және бюрократияны жоюға бағытталған заңнаманы өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізіледі. Бұл халықтың мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Б.Ибрашев - Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері  агенттігінің БҚО бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы

Ж.Сундеткалиев - Тасқала ауданы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы