Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 23 мамырдағы қаулысына сәйкес, облысымызда карантиндік режим ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін ұзартылған болатын. Осы орайда, құрамында ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, жергілікті атқарушы орган қызметкері, полиция қызметкері, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өкілі бар мобилдік топ аудан орталығандағы сауда орындарында, адамдар көп баратын мекемелерде карантиндік режим талаптарының сақталуын қадағалау және қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жүргізді. Аталған топ мүшелері сауда орындарында санитайзер және тағы да басқа жеке гигиеналық заттардың болуын, міндетті түрде сатушылар мен қызметкерлердің бетперде және қорғаныс қолғаптарын пайдалануын тексерді. Сондай-ақ, дүкендер мен мекемелерге келетін ауыл тұрғындарының да бетперделері болуы қажеттігін ескертті.
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары! Ауданымыздағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыз болуына байланысты, Сіздерден санитарлық талаптарды (бетперде кию, антисептиктерді қолдану және т. б) сақтауларыңызды сұраймыз!