
Тұрғын үйлерде күзгі-қысқы кезеңде өрттердің пайда болуының негізгі себептерінің бірі пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болып табылады. Көбінде өрт пештердің қызып кетуінен, кірпіште жарықтардың пайда болуынан, тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтарды жағу, оттықтан немесе күлдің арасындағы шоқтан, жанып жатқан көмірдің түсуінен болады. Пешті жылытуды берік және қауіпсіз пайдалану үшін мынадай өрт қауіпсіздінің ережелерін ұмытпаған дұрыс: пештер мен басқа да жылыту аспаптарында жанғыш конструкциялардан өртке қарсы бөлгіштер (шегіністер), сондай-ақ ағаш еденде немесе басқа жанғыш материалдардан жасалған еденде өлшемі 0,5 х 0,7 м алдын ала жағу парағы болуы тиіс. Өрттер көбінесе пештер от жағу кезінде бақылаусыз қалдырылған кезде пайда болады. Қатты аяз күндері пештер ұзақ уақыт бойы пайдаланғасын қызып кетеді, нәтижесінде олардың бөліктері қызып кетеді. Егер сол бөліктер ағаш қабырғалар немесе жиһаздарға тиіп тұрса, онда өрт болады. Сондықтан пешті бір рет ұзақ уақытқа қыздырғанша, күніне 2-3 рет 1-1,5 сағат бойы жаққан жөн. Пештердің жанында және олардың бетінде жанатын мүлікті немесе материалдарды сақтауға, кірді кептіруге болмайды. Жылыту маусымы басталар алдында пештің және мұржаның жарамдылығын тексеру, жөндеу және күйені тазарту, жарықтарды сазды-құмды ерітіндімен сылау, төбедегі, шатырдағы және шатырдың үстіндегі түтін құбырын (мұржаны) ақтау қажет. Кем дегенде үш айда бір рет тұрғын бөлмедегі пештердің мұржаларын жиналған күйеден тазарту қажет.
Өрттердің басқа да белгілі себебінің бірі тұрмыстық электр жылыту аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы болып табылады.
Бұл жағдайда сіз жылыту аспаптарын пайдаланудың ережелерін ұмытпау қажет:
- электр құрылғысын пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген талаптарды бұзбау үшін мұқият оқып шығыңыз.
- жылытқыштың электр сымдардың, розеткалардың, қалқандар және штепселдік шанышқыларының жарамдылығын тексеру, электр жылытқышты түнде қосулы қалдырмау, оны киімдерді кептіру үшін пайдаланбау қажет.
- лак-бояу материалдары, еріткіштер және басқа да тұтанғыш сұйықтықтары бар бөлмеде жылытқышты пайдаланбау, қоқысталған бөлмелерде электр жылытқышты орнатпау керек.
Нөлден төмен температураның басталуымен желіге қосылған электр жылыту аспаптардың саны мен электр сымдарына түсетін жүктеме өсуде. Кейбір жағдайларда ескіргеніне байланысты, сондай-ақ, шамадан тыс жүктемемен ұзақ мерзімде пайдалануына байланысты оқшаулау сынуы және электр сымдарының қысқа тұйықталуы орын алады, бұл өрттің пайда болуына әкеледі.
Бұл жағдайда келесі профилактикалық шараларды орындау қажет:
- тұрғын бөлмелерде автономды өрт хабарлағыштарын орнату қажет;
- электр сымдарын, ақаулы ажыратқыштар мен розеткаларды жөндеу керек;
- электр жылыту аспаптары мен газ плиталарды перделер мен жиһаздардан алыс, ақаусыз күйде жанбайтын заттқа орнатып ұстау қажет;
- электр желісіне қосылған электр жылыту аспаптарын қараусыз қалдыруға болмайды;
- бір желіге жоғары қуатты электр аспаптарын қосуға жол бермейді, бұл электр желісінің шамадан тыс жүктелуіне әкеледі;
- ақауы бар жылыту аспаптарын, сондай-ақ, қолдан жасалған аспаптарды пайдаланбау қажет;
- үйден кетпестен бұрын газ және электр жабдықтарының өшірілгеніне көз жеткізіңіз.