ЖҰҚА МҰЗ!

ЖҰҚА МҰЗ!

Мұздың сипаты, қалыңдығы, беріктігі көбінесе ауа температурасына, аяздың созылуына, судың құрамына, ағыстың жылдамдығына байланысты. Тоңның қыңыр тосын мінез танытуынан қорғау амалдарын сіздерге ұсынғалы отырмыз. Есіңізде жүрсін және таныстарыңызға, достарыңызға айтып бөлісіңіз.

Мұздың жарылу мүмкіндігін және суық суға түсіп қатерді болдырмас үшін, мынандай НЕГІЗГІ  ЕРЕЖЕЛЕРДІ білу және орындау қажет:

- мұздың қаттылығын көзбен-ақ көріп байқауға болады: егер мұздың түсі көгілдір болса – берік, ақ болса – беріктігі 2 есе аз дегенді білдіреді;

- мұз үстіне қас қарайған шақта және ауа райы қолайсыз кезде (тұман, қар, жаңбыр) мүлдем шықпаңыз;

- өзеннің арғы бетіне шықпақ ойыңыз болса, өткелмен өтіңіз. Бұл әлдеқайда қауіпсіз;

- ешқашанда мұздың беріктігін аяқпен теуіп тексермеңіз;

- топ болып, мұздан өтетін  болсаңыздар, мұзға аса қатты салмақ түсірмеу үшін 5-6 метрдей болатын бір-біріңіздің ара-қашықтықтарыңызды сақтап жүріңіздер;

- мұздан өтерде, осыған дейінгі салынған әдеттегі ізбен жүріңіз, егер бұндай із болмаса, айналаңызға мұқият қарап, жететін орныңызды жете біліп алыңыз;

- ата-аналарға үлкен ескерту: балаларыңызды мұзға (балық аулауға, шана не шаңғы тебуге) қараусыз жібермеңіз;

- мұзға түсіп кетуге себеп болатын көп жағдай – алкогольді ішімдікті тұтынудан болады. Ондай жағдайда адам қауіптен қаша алмай қалып, қайғылы оқиға орын алуы мүмкін.