
2023 жылдың 25 қазан күні «Атамекен» өнер ордасында облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен 25 қазан республика күні ұлттық мерекеге арналған салтанатты шара өтті. Шара барысында Облыс әкімі Нариман Төреғалиұлы дүйім жұртты ұлттық меркекмен құттықтап, Мемлекет Басшысының атынан мемлекеттік наградаларды тапсырды.
Салтанатты шарада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Самиғолла Шүкіровке Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының «Құрмет» грамотасы табысталды.