19 қазан – Құтқарушылар күні қарсаңында аудан әкімінің міндетін атқарушы Аян Халауединұлы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің және №15 өрт сөндіру бекетнің қызметкерлерін, азаматтық қорғаныс құрылымдарының өкілдерін қабылдады.
Қабылдау барысында А.Халауедин қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін жеткізді. Шара барысында ауданымызда төтенше жағдайлардың алдын алу және болдырмау үшін жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар сала қызметкерлері алғыс хаттармен марапатталды.