Көкпардан ауданның ашық біріншілігі өтті

Көкпардан ауданның ашық біріншілігі өтті

Тасқала ауданының 90 жылдық мерейтойына орай ұлттық "Көкпар" спорты түрінен Тасқала ауданының ашық біріншілігі өтті. Шараға мәслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева , бөлім басшылары қатысты. Алғашқы құттықтау сөзін аудандық мәслихат төрағасы Жанар Бисенгалиева өзінің жылы лебізін арнап, алдағы дүбірлі ойынға командаларға сәттілік тіледі.
Дүбірлі додада бағы мен бабы келіскен, шеберлігі асқан мықты шабандоздар бақ сынасты.Тартысты ойында
|-орынды Шыңғырлау ауданы "Бөгенбай батыр" командасы қанжығалырына байласа, ||-орынды Тасқала ауданы "Найзатас" командасы, ал |||-орынды Сырым ауданы "Сырым батыр" командасы иеленді.