ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында, 2023 жылдың 29 қыркүйек күні аудандық қоғам белсендісі Б.Сапарғалиевтің және Тасқала ауданы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы Ж.Сундеткалиевтің қатысуымен Тасқала аудандық мансап орталығы орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қоғамдық бақылау жүргізілді.
Қоғамдық бақылау барысында бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі, ғимараттардың кіре берісі және қызмет алу орындарында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдайдың жасалғандығы баса назар алынды. Бақылау нәтижесінде заң бұзушылықтар анықталған жоқ. Қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру мақсатында мәселелер талқыланды.