
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше. Өйткені, қоғамның басты байлығы - адам болса, сол «адамның адамшылығы жақсы ұстаздан»- дейді дана Абай.
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» – демекші, ұстаздық – мәртебелі мамандық. Себебі ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастыратын ардақты тұлға.
Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап елімізде білім саласына ерекше назар аударылып, егеменді еліміздің өскелең ұрпағы үшін мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалуда. Ауданымызда жыл сайын мектептер күрделі жөндеуден өтіп, сапалы білім алу үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалынуда.
Қадірлі ұлағатты ұстаздар!
Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де - ұстаз. Сондықтан еліміздің ертеңгі келешегі сіздердің қолдарыңызда! Тәуелсіз қазақ елінің дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіз үшін баршаңызға шексіз алғысымды білдіремін!
Еліміздің атын әлемге танытатын білімді де, талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қастерлі ұстаздық қызметте табыс тілеймін!
Құрметпен, Тасқала ауданының әкімі Б.Айтмағамбетов