Еңбек күні аталып өтті

Еңбек күні аталып өтті

25 қыркүйек күні аудандық мәдени-демалыс орталығында қыркүйектің соңғы жексенбісі аталып өтілетін «Еңбек күні» қарсаңында салтанатты шара өтті. Шараға аудан әкімі Б.Айтмағамбетов, еңбек ардагерлері, мекеме қызметкерлері қатысты.
Шараның басында сөз алған аудан басшысы шараға жиналғандарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Шарада ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып жүрген еңбек адамдарына құрмет көрсетіліп, аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды. Шара аудандық көркемөнерпаздардың ән-шашуымен жалғасты.