Ақпарат саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңесті құру туралы хабарлама

Ақпарат саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңесті құру туралы хабарлама

Ақпарат саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңесті құру туралы хабарлама

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Кәсіптік біліктілік туралы» ҚР Заңын іске асыру шеңберінде Ақпарат саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестің құрамын бекітуді жоспарлауда.

Консультативтік-кеңесші орган болып табылатын салалық кеңестің құзыретіне мынадай функцияларды орындау кіреді:

мемлекеттік орган әзірлеген салалық біліктілік шеңберлерін бекіту;

мемлекеттік орган әзірлеген кәсіптік стандарттарды келісу;

мемлекеттік органның кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарын келісу;

мемлекеттік органның кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөніндегі ұсыныстарын келісу;

кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша мемлекеттік органның ұсынысын келісу және басқалар.

Осыған байланысты салалық кеңестің құрамына кіргісі келетіндерден келесі құжаттарды жолдауды сұраймыз:

1) жазбаша өтінішті (өтініш формасы қоса ұсынылады);

2) архив ісі саласындағы жұмыс тәжірибесін растайтын құжат (ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес) ұсынуды сұраймыз.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 378 бұйрығымен бекітілген Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді құру қағидаларын айқындау және олардың үлгілік ережесіне салалық кеңестің құрамына төмендегі тізімнен (екеуден артық емес) өкіл іріктелетін болады:

1) мемлекеттік органның;

2) ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының;

3) Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның;

4) жұмыс берушілердің;

5) салалық кәсіптік одақтардың (бар болса);

6) жұмыс берушілердің салалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары), олар болмаған кезде салалық ұйымдардың (бар болса);

7) архив ісі саласында білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының (әрқайсысынан екі ғана) өкіл іріктеледі.

Салалық кеңестің құрамына кіргісі келетін кандидаттарға жоғарыда көрсетілген құжаттарды 2023 жылғы 25 қыркүйекке дейінгі мерзімде a.ybyraiymbek@qogam.gov.kz электрондық мекенжайға жіберуді сұраймыз.

өтініш формасы (жүктеу)