
Тасқала ауданының 90 жылдық мерейтойына орай мәдени-көпшілік шараға шақырамыз. Шараның салтанатты ашылуы сағат 09:00-де Тасқала ауылы Деркөл өзені жағасындағы бәйге алаңында өтеді. Мерекелік шараның бағдарламасында: қазақ күресінен түйе палуандар күресі, тай жарыс, құнан бәйге, топ бәйге және аламан бәйге, мерекелік концерт, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі және тағы да басқалары. Дәл осы алаңда еліміздің түпкір-түкпірінен жиналған апайтөс түйе палуандар белдесіп, сәйгүліктер бәйгеге түседі. Мерекелік шара кешкі сағат 19:00-де «Жастар» стадионында елімізге танымал эстраданың жарық жұлдыздары, әнші Ақбота Керімбекова мен Ернар Айдардың қатысуымен өтетін мерекелік концертпен жалғасатын болады.