
Баршаңызды Тәуелсіздігіміздің кепілі болған Қазақстан Республикасының Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
"Көптің сөзі - киелі" демекші 1995 жылдың 30 тамызында бүкіл халықтың дауыс беруі арқылы қабылданған Еліміздің Ата Заңы тиімді құқықтық жүйені орнықтырды.
Әрбір Қазақстандық азамат Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, жеке басы мен отбасы мүшелері үшін де маңыздылығын түсінді.
Конституцияны басшылыққа ала отырып, тәуелсіздігіміз бен мемлекетімізді нығайту жолында ғасырлық мәні зор ауқымды істер атқарылды.
Аз уақытта қуатты ұлтқа, әлеуетті елге айналдық. Ортақ шаңырағымыздың шекарасын шегелеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіттік. Әртүрлі ұлт өкілдері Конституция қағидаттары төңірегінде топтасты.
Ардақты аудан тұрғындары!
Сіздерді барлық игі істеріміздің бастауы болған Конституция күнімен құттықтай отырып, ел тыныштығы мен бейбіт тірлігіміз ұзағынан болғай, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Құрметпен, Тасқала ауданының әкімі Б.Айтмағамбетов