
2023 жылғы 1 шілдеде АХАТ органдарының функциялары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға берілген болатын. АХАТ функциялары берілгеннен кейін қызмет көрсету жүйесі, өтініштерді қабылдау және өңдеу тәртібі өзгермеді.
Болашақ жас жұбайлар бұрынғысынша АХАТ арқылы некеге тұруға өтініш бере алады. Одан бөлек, өтінімдерді электрондық үкімет порталы арқылы онлайн беруге болады. Өтініш неке күніне 15 күн алдын берілуі керек екенін ескеру қажет. Сонымен қатар, жас жұбайлар өтініш берген кезде некені салтанатты түрде немесе әдеттегі түрде қию жолдарын таңдай алады.
Сонымен қатар Орал қалалық АХАТ бөлімінде қызмет алушыларға арналған «Өзіне-өзі» қызмет көрсету бұрышы ашылды. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы қызмет алушылар өз өтініштерні тез әрі қолайлы бере алады. Бұрышта интернетке қосылған компьютер жабдығы, өтініштерді толтыру барысында қызмет алушыға көмек қолын созып, түсіндіретін арнайы маман бар. Сондай-ақ, аудандық ХҚКО бөлімдерінде өзіне-өзі қызмет көрсету секторларына және ашық әкімдіктерге жүгінуге болады.
2023 жылдың 1 шілдесінен бастап АХАТ функциялары жергілікті атқарушы органдардан «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқаруына өткеннен кейінгі Тасқала ауданының АХАТ бойынша бөлімімен халыққа көрсетілген мемлекеттік қызметтер санына тоқталсақ:
|
Қызмет түрі |
Барлығы |
ХҚКО |
eGov.kz |
Тікелей |
|
Бала тууды тіркеу |
52 |
7 |
43 |
2 |
|
Неке қиюды тіркеу |
3 |
3 |
||
|
Түзету енгізу |
12 |
12 |
||
|
Қайтыс болуды тіркеу |
15 |
1 |
14 |
|
|
Неке бұзуды тіркеу |
1 |
1 |
||
|
Қалпына келтіру |
- |
- |
- |
- |
|
Акт жазбаларды жою |
- |
- |
- |
- |
|
Қайталама куәліктер мен анықтамалар беру |
68 |
68 |
|
|
|
Заңды тұлғалардан келіп түскен сұраныстар |
12 |
|
|
|