ҚҰРМЕТТІ АЙТЫС СҮЙЕР АҒАЙЫН! ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!

ҚҰРМЕТТІ АЙТЫС СҮЙЕР АҒАЙЫН! ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!

Тасқала ауданының 90 жылдығына арналған «Тамыры терең Тасқала» атты халықаралық ақындар айтысына қош келдіңіздер! Айтысқа атағынан ат үркейтін, өнерін қалың қазақ тік тұрып бағалайтын Айбек Қалиев, Бекарыс Шойбеков, Мұхтар Ниязов, Шалқарбай Ізбасаровпен бірге Жайықтың Жансаясы қатысады. Сондай-ақ, айыр қалпақты елдің ардақтылары Акматбек Султануулу мен Арген Биймырза уулу аудандық мәдениет үйінің сахнасына шығады. . Ауданның дамуына сүбелі үлесін қосқан тасқалалық азаматтардың өнегесі, шежірелі өңірдің тарихы, Шежін мен Деркөл бойының ертеңі ақындардың жырына арқау болады деп сенеміз. Айтыста бас қосайық, ағайын!