
2023 жылдың 2 тамыз күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Талғат Шакировтың төрағалығымен «Мемлекеттік қызметтегі оң өзгерістер, қызметтік әдеп талаптарын сақтау мәселелері» бойынша жиын өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Дәурен Хаиров, аудан әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері қатысты. Алдымен сөз алған аудан әкімінің орынбасары Талғат Асқарұлы қош келдіңіз айтып, Қазақстан Республикасының Мелекеттік қызмет туралы Заңына бірқатар өзгерістер енгізілгені, сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Әдеп кодексіне» сәйкес мемлекеттік қызметшілерге бірқатар шектеулер мен талаптар бар екенініне тоқталып өтті. Келесі кезекте сөз алған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Дәурен Ерікұлы мемлекеттік қызметтегі оң өзгерістер туралы және мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдебі және оларға қойылатын талаптарды сақтау мәселелері бойынша баяндама жасады.
Екпін