
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Г.Ж.Казбекованың 2023 жылдың 19 шілдесінің №37-НҚ «Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы» бұйрығы негізінде:
«Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының (ҚҚС төлеушісі емес) суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне уақытша өтемдік тариф 2023 жылдың 1 тамызынан бастап 2023 жылдың 31 шілдесіне дейін 1 текше метр үшін 347,68 теңге мөлшерінде бекітілсін, соның ішінде:
тұрғындар үшін – 296,23 теңге;
мемлекеттік мекемелерге және мемлекеттік кәсіпорындаға – 534,42 теңге;
басқа тұтынушыларға – 320,14 теңге.
Ескертпе: тұрғындар үшін - республикалық бюджет есебінен субсидияланған елді – мекендердегі үйлерде немесе пәтерлерде жеке су есептегіші бар абоненттерге 1м3 үшін - 90 теңгені құрайды, баланстың шекарасында орналасқан бақылау құдықтарында су есептегіші бар абоненттерге 1м3 үшін - 40 теңгені құрайды, сонымен қатар, 1 адамға айына тұтыну нормасы 4,2м3 құрайды, нормадан жоғары тұтыну - 1м3 үшін – 296,23 теңгені құрайды.
Тасқала аудандық коммуналдық
шаруашылығының әкімшілігі