
2023 жылдың 27 шілде күні аудан әкімі Бауыржан Есқайырұлы жергілікті шаруа қожалықтардың егістік алқаптарында болып, егін жинау науқанына дайындық барысымен танысты. Жұмыс сапары барысында бірнеше шаруа қожалықтарда болып, егін ору науқанына техникалардың дайындығын қарады.