
Бүгін аудан әкімі Бауыржан Есқайырұлы Тасқала ауылының тұрғындары, көп балалы аналар Жазира Хайруллақызы Бекешованы және Айнұр Болатқызы Сатканованы қабылдады. Қабылдауға мәслихат хатшысы Ж.Бисенгалиева және Тасқала ауылдық округінің әкімі А.Жамбыл қатысты. Қабылдау барысында көп балалы аналарды Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 24 мамырдағы жарлығымен "Күміс алқа" алқасымен наградтады. Еліміздің демографиялық дамуына қосқан үлесі үшін көп балалы аналарға алғыс білдіре отырып, зор денсаулық, отбасына амандық тіледі.