2023 жылғы 16 маусымда Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының өңіраралық ынтымақтастығы шеңберінде ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар департаменттері мен Ресей ТЖМ Бас басқармаларының бірлескен оқу-жаттығуларын өткізу кестесіне сәйкес «Шекара маңындағы аумақтарда табиғи өрт туындаған жағдайда төтенше жағдайларды жою» тақырыбында бірлескен командалық-штабтық оқу-жаттығу Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Достық ауылының аумағында өтті.
Оқу-жаттығу көршілес елдегі екі облыстың ортақ міндеті - табиғи және техногенді сипаттағы ықтимал трансшекаралық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, оның ішінде екі облыстың шекара маңындағы аумақтарында табиғи өрттерді жою.
Оқу-жаттығудың мақсаты - ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті және Ресей ТЖМ Саратов облысы бойынша Бас басқармасының басшылық құрамы мен лауазымды тұлғаларының трансшекаралық аумақтардағы табиғи өрттердің алдын алу және жою, ТЖ жағдайда тұрақты жұмыс жасауды қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу кезіндегі іс-қимылдарды келісу дағдыларын жетілдіру болып табылады.
Оқу-жаттығуларды өткізуге ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Ресей ТЖМ Саратов облысы бойынша Бас басқармасының күштері мен құралдары, Тасқала ауданы, Достық ауылдық округінің және Қазталов ауданы Болашақ ауылдық округінің өртке қарсы ерікті құралымдары, Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы АҚМЖ аумақтық кіші жүйесінің басқару органдары, жергілікті атқарушы органдар тартылды.
Оқу-жаттығуда шекара маңындағы аумақтарда табиғи өрт туындаған жағдайда төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар пысықталды.